о ведущем Данеш Аскарбек
6 шілде күні "Айлин" ресторанында 550 адамға ініміз Өмірсеріктің үйлену тойын Дәнеш Асқарбек жүргізді. Дәнешті бір жыл бұрын көршіміздің қызының ұзату тойында көріп, сол кезде ініміздің тойын осы жігіт жүргізеді деп шешкен едік. Дәнеш тамаша сөздерімен, өзін ұстауымен, тауып айтқан қалжыңдарымен, жалықтырмайтын ойындарымен бәріміздің көңілімізден шықты. Тек жанды дауыста ән айтатын әншілерінің өнеріне де ел риза болды. 550 адамды жалғыз өзі игеріп, тойдың аяғына дейін шашауын шығармай, шулатпай ұстағанына талай қонақ таң қалды. Әйтпесе арақ-шарап ішілетін тойда түрлі мінездегі адамдардың басын біріктіру оңай емес қой. Ініміздің тойын естен кетпестей ерекше өткізген Дәнеш бауырымызға алғысымыз шексіз. Дәнешке тек сәттілік, журналист ретінде творчестволық табыс, отбасына амандық тілейміз. Тойың көп, уайымың жоқ болсын! Құдай бұйыртса біздің тойдан да біраз адам өзіңді тойына шақыратын болып жатыр.